11 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №630

636 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
2015 жылғы 9 қараша, Астана қаласы «Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді (деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарды) ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді (деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарды) ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.СӘРІНЖІПОВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Е. Досаев 2015 жылғы 12 қараша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 630 бұйрығымен бекітілген «Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді (деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарды) ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді (деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарды) ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті ересектерге біліктілікті арттыру курстарын жүргізетін мынадай қосымша білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші): 1) үшінші (базалық), екінші (негізгі), бірінші (ілгері) деңгейлердегі бағдарламалар, сондай-ақ басшылар бағдарламасы бойынша – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – «НЗМ» ДБҰ); 2) үшінші (базалық), екінші (негізгі) деңгейлердегі бағдарламалар бойынша – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Өрлеу» БАҰО» АҚ); 3) үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары өткізеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 3 айдан бастап 9 ай аралығында; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: үшінші (базалық), екінші (негізгі), бірінші (ілгері) деңгейлердегі тиісті бағдарлама бойынша және басшылар бағдарламасы бойынша сертификат беріледі. Курсқа қабылдау біліктілікті арттыру курстарын өткізетін ұйым басшысының бұйрығымен ресімделеді. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде. 7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі. 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылған өтініш; 2) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған деңгейлік бағдарламалар бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарына арналған сауалнама; 3) өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі; 4) лауазымы және жұмыс өтілі көрсетілген жұмыс орнынан алынған анықтама; 5) оқу және қоғамдық өмірдегі жетістіктерді растайтын грамоталар, дипломдар, сертификаттар мен басқа да құжаттардың (бар болса) көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдаудың күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау болып табылады. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) басшысының атына беріледі. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті ЖАО-ның кеңселері арқылы қолма-қол беріледі. Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе ЖАО-ның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымда заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі және өтініште көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті ЖАО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті ЖАО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде; 2) ЖАО интернет-ресурстарында орналастырылған. 13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. 14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. «Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді (деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарды) ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша нысан Оқу орнының басшысына ______________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) Кімнен________________________________________ тегі _____________________________________________ аты _____________________________________________ әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________________________________ лауазымы ӨТІНІШ Мен, _____________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә.) Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары аясындағы ____________ тілінде оқытылатын топта ________________________ деңгейдегі курсқа қатысу үшін менің кандидатурамды қарастыруыңызды сұраймын. ___________________ «____» __________ 20 __ жыл (қолы) (өтініш берген күні) «Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді (деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарды) ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша нысан Деңгейлік бағдарламалар бойынша Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарына қатысу САУАЛНАМАСЫ Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда) Туған күні, айы, жылы Лауазымы Білімі Біліктілік санаты (жарамдылық мерзімі) Жалпы еңбек өтілі Педагогикалық еңбек өтілі Курстарда оқу тілі Ақпараттық технологияларды меңгеруі Жарияланымдары (тақырыптары) Тұратын мекенжайы Байланыс телефондары е-mail Алдындағы біліктілікті арттыру курстары Курс түрі және тақырыбы Өткізілетін орны Курстың ұзақтығы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12385 болып енгізілді.